Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар облыс шегінде тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдың бастапқы күні сақтала отырып, тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылады.
Тұрғылықты жері ауысқан кезде жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою осы баптың 1 жəне 2-тармақтарына сəйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кəсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар етіп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік кəсіпорынның мүліктік кешені мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жағдайда, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері ретінде тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кəсіпорынның жұмыскерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері деп танылады.
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бірыңғай республикалық электрондық базада тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды және олардың отбасы мүшелерін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға жол берілмейді.
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың тізімдерін түгендеу ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жаңартылған тізімдерін жариялай отырып, тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Бірыңғай республикалық электрондық базада және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуына немесе таратылуына, сондай-ақ олардың шекараларының өзгеруіне байланысты тұрғылықты жерін ауыстырған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепке қоятын өңірді бастапқы есепке қойылған күні сақталып, сол аумақтағы нақты тұратын жеріне сәйкес ауыстыруға тиіс.
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, егер:
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері бар болған немесе болған;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайлары немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері болған;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғынжайлары немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері болған;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;
5) ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде анық емес деректер болған;
6) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған жəне жекешелендірген;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) олардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) олар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алған немесе олардың сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша міндеттемелері болған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелерінде соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында және осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу және елуден астам пайыз үлесі болған жағдайда «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.
2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 73-бап өзгертілді; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 73-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
73-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару негіздері
2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару:
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларының ережелері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелеріне қолданылады.
1) осы Заңның 69-бабына сəйкес тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер болмаған;
2) басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кеткен;
3) мемлекеттік мекемедегі немесе мемлекеттік кəсіпорындағы еңбек қатынастарын тоқтатқан;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған;
5) тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер ретінде анық емес деректерді қамтитын құжаттар жəне (немесе) мəліметтер ұсынған;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжат алған;
7) соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сəйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған;
8) соттың заңды күшіне енген шешімімен хабарсыз кетті деп танылған;
9) қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда:
1) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар кəмелетке толғанынан кейін;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар бала кәмелетке толғаннан кейін немесе баладан мүгедектік алынған (белгіленбеген) не ол қайтыс болған жағдайда;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
4) толық емес отбасылар балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар;
6) жесір əйелдер (тұл ер адамдар) балалары кəмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарылуға жатпайды.
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда отбасының онымен бірге есепке тұрған мүшелерін тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса, олардың кезегі сақталады.
2-1. 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мүдделі адамдарға есептен шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзім ішінде есептен шығарудың негіздері көрсетіліп жазбаша түрде хабарланады.
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азамат тұрғынжайға мұқтаждар есебіне ол үшін негіздер болмаса да қойылып, тәртіп бұзушылық байқалған, бірақ кейіннен мұндай негіздер пайда болған (отбасы мүшелері санының көбеюі, отбасының жиынтық табысының кемуі және сол сияқтылар) жағдайларда ол негіздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегі соған сәйкес ауыстырылады.
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 74-бап жаңа редакцияда
74-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға кіріс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай іске асырылады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды бөлген кезде осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде тұрғынжайлардың жалпы көлемінің кемінде жиырма пайыз тұрғынжайы жетім балаларға және ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Егер жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиісті тұрғынжайлардың көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғынжайлардың қалған көлемі осы баптың 3-тармағында аталған адамдарға беріледі.
3. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде тұрғынжайлардың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жесір әйелдерге (тұл ер адамдарға), сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшесі (мүшелері) және (немесе) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшесі (мүшелері) бар өзге де санаттар бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиісті тұрғынжайлардың көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғынжайлардың қалған көлемі осы баптың 4-тармағында аталған адамдарға беріледі.
4. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде тұрғынжайлардың жалпы көлемінен қалған тұрғынжайлардың көлемі бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған адамдарға жатпайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.
5. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған кірістері ескеріледі.
6. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде ауылдық елді мекендерде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
7. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, осы Заңның 68-бабының 10) тармақшасында айқындалған санатқа жататын Қазақстан Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы орган комиссиясының шешімімен бір жылдан кешіктірілмей, тұрғылықты жері бойынша тұрғынжайлармен қамтамасыз етіледі.
8. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес қабылдайды.
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 74-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
74-1-бап. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау
Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасы Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 75-бап толықтырылды; 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді
75-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру нормасы
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме беріледі.
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру кезінде тұрғынжай беру нормалары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында айқындалады.
2. 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үй алаңы артық деп есептеледі.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде санамаланған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасыларға жеке қосымша бөлме беріледі. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейді.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй мөлшерін анықтаған кезде отбасында жүкті болғанына жиырма екі аптадан асқан әйелдің болуы ескеріледі.
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған жалғыз тұрғынжайда тұрып жатқан азаматқа (отбасына) тұрғынжай беру нормасын есептеген кезде оның меншігіндегі тұрғынжай алаңының көлемі ескерілмейді.
6. 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берудің осы бапта белгіленген нормалары Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тұрғынжайға мұқтаждығын анықтау мақсатында олардың меншік құқығындағы тұрғынжайларының жеткіліктілігін бағалауға қолданылмайды.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 76-бап толықтырылды; 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 76-бап өзгертілді
76-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлеріне қойылатын талаптар
1. Азаматтарға тұру үшін берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елді мекеннің жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елді мекеннің шегінде болуға тиіс.
Осы тармақпен белгіленген талаптарға сай келмейтін тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерінің жазбаша келісімімен ғана берілуі мүмкін. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезінде бір бөлмеге әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа) тұрғызуға жол берілмейді.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасыларға, қарттарға, денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай олардың келісімімен және олардың тілегі ескеріле отырып төменгі қабаттардан, лифтілері бар көппəтерлі тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екінші қабаттан жоғары емес қабаттан беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелеріне қолданылады.
4. 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-бап. Мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кəсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі
1. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің жəне үш данада жасалатын тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік мекемеде сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі жəне тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
2. Мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің жəне үш данада жасалған тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік кəсіпорында сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі жəне тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
3. Осы Заңның 67-бабының 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тұрғынжай беретін мемлекеттік мекемеге мемлекеттік органдардың тұрғынжайға мұқтаж адамдарының тұрғын үй комиссиясы бекіткен тізімдерін жібереді. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының шешімі тұрғынжайға мұқтаж адамдардың мемлекеттік орган ұсынған тізімдері негізінде қабылданады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)